Баланы суда құтқарған ақтөбелік оқушы марапатталды

1109
Фотосурет: Gov

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ақтөбе қаласының №13 мектеп оқушысы Қолқанат Баққұлды суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін марапаттады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиға 1 маусым күні болған. Қолқанат Елек өзеніне батып бара жатырған баланы құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Министр батыр оқушы мен оны тәрбиелеген ата-анасына алғыс білдірді.

«Адам өмірін құтқару – бұл ерлік. Біздің мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі боларлық өжет, ержүрек, батыл балалардың бары үлкен мақтаныш.Осындай азаматтарды тәрбиелегені үшін ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыс айтамын» Ғани Бейсембаев

Қолқанаттың ата-анасы да баласының ерлігін ескерусіз қалдырмаған министрге алғыс білдірді.

«Біз балаларымыздың қайырымды, қамқор, патриот болып өсуіне күш салдық. Рухы биік ұрпақ тәриелеуге тырыстық, ұлымыздың бұл әрекетін мақтан тұтамыз» Oқушының әкесі Ерболат Рзиев

Педагогтердің айтуынша, Қолқанат – Ақтөбе қаласы №13 мектептің үздік оқушыларының бірі. Қазақстан тарихы мен шет тілдеріне ұызығушылығы басым. Сонымен қатар мектептің волейбол командасының құрамында.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында ҚР Оқу-ағарту министрі Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген 11 қазақстандық оқушыны ерлігі үшін марапаттап, ата-аналарына алғыс білдірген болатын. Министрлікте бұл шара дәстүрлі түрде жалғасатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -