Мүгедектігі бар азаматтар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 237 мыңнан астам қызмет алды

11132
Фотосурет: iStock

2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (Портал) арқылы шамамен 180,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 6,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,3 мың – жеке көмекшінің, 24,7 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 853 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 404 ОТҚ жеткізуші, 27 мыңнан астам жеке көмекші, 691 ымдау тілі және 103 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Портал бойынша комиссияларға жаңа өкілеттіктер беру көзделеді. Олар мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау, өнім берушіге өтініш жолдау және оның орындалуын бақылау, өнім берушіні Порталдан шығару және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -