Салық қызметі салық төлеушілерге сервистік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаларды енгізеді

703
Фотосурет: iStock

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың табыстарын салықтық әкімшілендіру туралы айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұрақ-жауап сессиясы барысында журналистер бірыңғай әлеуметтік төлемнің (БЖТ) болашақ тағдыры туралы сұрақ қойды. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының айтуынша, БЖТ 2019 жылы 5 жыл мерзімге әлеуметтік қолдау көрсету үшін уақытша шара ретінде енгізілген.

«Пандемия кезінде мұндай адамдардың саны 3 млн адамды құрады. Бұл дұрыс шара болды. Қазіргі уақытта БЖТ пайдаланушыларының саны 220 мыңға жуық. Келесі жылдан бастап бұл адамдар өздерінің мәртебесін заңдастыруға, яғни ЖК ретінде тіркеу есебіне тұруға немесе жалдамалы қызметкер болуға және әлеуметтік қорларға тиісті төлемдер аударылатын жалақы алуға тиіс» Данияр Жанәлінов

Сайып келгенде, бұл оларға уақытылы және сапалы медициналық көмек алуға, заңнамада көзделген бірқатар жағдайларда мемлекеттен сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді.

Комитет төрағасы сондай-ақ қызмет көрсетудің сервистік моделінің екі пилоттық жобасы қалай енгізілетіні туралы айтып берді. Мысалы, платформалық жұмыспен қамту Яндекс-таксиде тіркелген кез келген такси жүргізушісіне салық есептілігі туралы алаңдамауға мүмкіндік береді – ол үшін барлық қызмет көрсетуді интернет-платформа жүзеге асырады. Тиісінше, осы тұрғыда Яндекс-таксимен серіктестік келісім жасалды.

Сондай-ақ, бүгінде 80 мыңнан астам төлеуші интернет-саудамен айналысады, олардың барлығы екінші деңгейдегі банктерде тіркелген. Пилоттық жоба олардың келісімімен салықтар бойынша барлық есептілікті екінші деңгейдегі банктердің орындауына мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Арман Тян кәсіпкерлердің салықтық есептілігін жеңілдетуге арналған жаңашылдықтар мен сервистер туралы айтып берді.

Оның айтуынша, 2022 жылы мобильді қосымша енгізілді, оны бүгінде бизнес табысты пайдалануда. Қазіргі уақытта азаматтардың жеңілдікке ие санаттары бойынша еңбек министрлігімен интеграциялау жұмыстары аяқталуда. Барлық пайдаланушылар, соның ішінде оңайлатылған декларациямен жұмыс істейтіндер, өз қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдер бойынша автоматты режимде алдын ала толтырылған есеп айырысумен 910 формада есеп бере алады.

«Сондай-ақ жыл соңына дейін мәліметтерді алу бойынша екінші деңгейдегі банктермен интеграция жүргізуді жоспарлап отырмыз және кірістерді толық алдын ала толтыруды жүзеге асыратын боламыз, салық төлеушілерге екінші деңгейдегі банктердің, фискалдық деректер операторларының деректері бойынша жинаған кіріс сомасын ұсынамыз» Арман Тян

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -