Алкоголь және өрт: Павлодар тұрғын үйіндегі драмалық оқиғалар

5368
Фотосурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

2023 жылғы 24 қыркүйекте сағат 21.27-де 101 пультіне Павлодар қаласында төрт қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде  өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бір бөлмелі пәтерде радиоқабылдағыш пен қағаздардың  жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілер үш иінді сатыны орнатып, пәтерге балкон арқылы кірді. №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі  Михаил Эсауленко 1972 жылы туған азаматты түтін басқан пәтерден  құтқарып, алып шықты. Құтқарылған 51 жастағы ер адам алколгольдік ішімдік ішіп, мас болып, жанған өнімдерден жеңіл дәрежеде  уланған.  Ер адамға медициналық көмек қажет болмады.

Өрт сағат 21.38-де оқшаулауланып, сағат 21.40-та сөндірілді.

Өрт орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінен, Апатар медицинасы орталығынан, Полиция департаментінен 23 қызметкер мен 7 бірлік техника шықты.

Павлодар облысының ТЖД азаматтарға электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін, атап айтқанда:

- электр құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта жазылған талаптарға сәйкес пайдалану;

- электр сымдарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру, бүлінген электр аспаптарын, розеткаларды пайдаланбау;

- электр желілеріне техникалық қызмет көрсету және монтаждау үшін тек мамандарға рұқсат беру қажеттігін еске салады.

Мыналарға:

- зақымдалған розеткаларды, ажыратқыштарды, басқа да электр қондырғыларын пайдалануға;

- электр желісіне қосылған тұрмыстық электр аспаптарын қараусыз қалдыруға;

- электр желісін шамадан тыс жүктеуге;

- стандартты емес (қолдан жасалған) электр жылыту құралдарын қолдануға тыйым салынады.

 Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -