Шетелдік туристер Алматыны таңдайды

415
Фотосурет: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы туризм басқармасының ақпаратынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда шетелдік туристер саны 72,6%-ға өсіп, 261,6 мың адамға жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ішкі туристер ағыны 24,6%-ға артып, 710,6 мың адамға жетті.

«БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өсуі байқалады», – деді басқарма өкілдері.

Биыл жыл соңына дейін Алматыда шетелдік туристер санының 500 мың адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -