Сенаторлар ұлт бірлігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды

437
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат депутаттары – «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері этносаяси сауаттылық бойынша семинарға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуге қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ұлт бірлігін қамтамасыз ету, этносаралық ахуалға төнетін қауіп-қатерді анықтау және алдын алу, мигранттарды интеграциялау, әлеуметтік желілерде «араздық туғызуды» еңсеру, этникалық немесе тілдік қағидат бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеу және зерттеу жобаларын қаржыландыру мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтындағы Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры өңірлердегі этносаралық жағдайды зерделеу, сондай-ақ этносаралық шиеленістің алдын алу мақсатында институт жүргізген мониторингтік сапарлар туралы айтып берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -