Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғ.С.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институты студенттік олимпиада өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Шара барысында Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ляззат Еркінбаева құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі олимпиаданың маңыздылығына тоқталды.
Білім сайысының мақсаты - жас ғалымдар мен студенттердің экономикалық білім деңгейін саралау. Интеллектуал жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Олимпиадаға қатысушы жастар Қазақстанның экономикалық әлеуетін жақсарту бойынша тәжірибелік ұсыныстарын ортаға салды.
Олимпиада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Нархоз университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеттерінің студенттері арасында достық, бәсекелестік және әділетті ойын жағдайында өтті. Студенттердің үлкен қызығушылығы мен кәсіби дайындығы олардың олимпиадада баяндалған эсселерінен көрінді.
Олимпиада пікірсайыс түрінде өтті, онда тек қазылар алқасының мүшелері ғана емес, студенттер де өзара бір-біріне сұрақтар қойды. Ерекше қызығушылық тудырған сауалдар еліміздегі өзекті экономикалық мәселелерді қамтыды.
Атап айтқанда:
- Қазақстанның (саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік факторларын ескере отырып) ұлттық мүдделерінің еліміздің уәкілетті органдарының, Қазақстанның құқықтық ұйымдарының, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы халықаралық трансұлттық корпорациялардың қызметімен арақатынасы.
- Каспий теңізінің қазақстандық секторынан мұнай түсімдерін сатудан түсетін қорды қалыптастыруға қатысты Қазақстандағы мемлекеттік бастама (БАӘ, Норвегия және т.б. мысалдары).
Олимпиада барысында студенттер көтерген барлық мәселелер жаңа заңнамаларды әзірлеу және қолданыстағы құқықтық нормаларды, ұлттық заңнаманы да, халықаралық құқықты да жетілдіру арқылы дереу шешуді талап етеді.
Білімгерлер сайысының қорытындысы бойынша қазылар алқасының конкурстық комиссиясының шешімімен Нархоз университетінің командасы жеңімпаз деп танылды және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Барлық студенттер олимпиадаға қатысқаны үшін естелік сертификаттармен және бағалы сыйлықтарға ие болды.
Қорытынды сөзінде олимпиаданы ұйымдастырушы, Ғ.С.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институтының директоры Арон Сәлімгерей студенттердің практикалық ұсыныстары бар қаулы әзірлеп, орындау үшін құзырлы мекемелерге жіберу туралы ұсыныс жасалды. Бұл ұсынысты олимпиаданың барлық қатысушылары мен қазылар алқасының мүшелері қолдады.
Олимпиада «Заң шығару саласында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу» ғылыми жобасы аясында өткізілді.