Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты

17633
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Орал қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш шараға арнайы қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Халық қаһарманы атағының иегері генерал-майор Қайрат Үмбетов шақырылды.

Басты шараға еліміздің барлық  өңірлерінен Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты. Пленарлық отырысты Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы ашып, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке берді.

Бүгінгі шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Халық қаҺарманы генерал-майор Қайрат Үмбетовтың қатысуы шарамыздың маңыздылығын арттырып отыр, - деп кіріспе сөзін бастады өңірлік басшы әкімінің орынбасары.

Бақытжан Хаберұлы кеңейтілген отырысқа келген аналарға және іскер азаматшаларға өз алғысын білдірді. Ғалым да, батыр да анадан туатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Аурика Дяк, ҚР Сенатының депутаты Нүрия Ниязова сөз сөйледі.

Әскердегі сарбаздардың тәрбиесі, еліміздегі өскелең ұрпақты тәрбиелеу, Мемлекет басшысы айтып өткен «Адал азаматты» қалыптастыру туралы сөз етілді.  

Генерал-майор Қайрат Үмбетов жиынға қатысушыларды ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан өз алғысын білдірді.

Аналар кеңесі – бала құқығын  қорғау, суицидтің алдын алу, қоғамдағы зорлық-зомбылықты азайту, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқықтық бұзушылықтардың алдын алуда зор үлес қосуда, - деп Аналар кеңесінің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, әскер мен Аналар кеңесінің арасындағы тығыз қарым-қатынастардың орнауының арқасында елжандылық пен патриоттық тәрбие қарқынды жүзеге асуда.

Ардақты аналар, құрметті кеңес мүшелері, Жаңа Қазақстанның заманауи бағытта өсіп-өркендеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз сәтті, табысты болсын деп тілеймін, - деген тілегін арнаған Қайрат Жарылқасынұлы Аналар кеңесінің төрайымдарын Ұлттық ұланның кеуде белгілерімен марапаттады.

Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, көкейкесті сауалдарына тұшымды жауаптарын алды. Қоғамдағы аналардың орны мен рөлі маңызды деген ортақ пікірге келді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -