Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары «Әл-Фарабитану» халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы аясында қазақ-парсы тілдеріндегі кітаптар каталогын дайындау жұмыстарын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Каталогтың дереккөздері парсы және араб тілдерінде жазылған қолжазбалардан аударылған.
Бірлескен ғылыми жұмыс Иран Ислам мемлекетінің «Дайретул Марифи Бозорге Ислами» зерттеу орталығының докторы Атифе Занди және ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасының Құнды басылымдар және сирек кітаптар бөлімінің мамандарымен жүргізілуде.
Иран Ислам мемлекетінің «Дайретул Марифи Бозорге Ислами» зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, доктор Атифе Занди жұмыс сапары барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығымен өзара тәжірибе бөлісті.