Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

6699
Фотосурет: Алматы әкімдігі

Республика күніне арналған акция аясында "Медеу" биік таулы кешенінің алаңында биіктігі 40 метрлік Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, қала жастары қатысты.

Республика күніне арналған іс-шара "Медеуде" қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Сахнада Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев, Інжу Әнуарбек, Абай Бегей, Асхат Тарғын және Индира Елемес өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Республика күні Алматыда бірқатар басқа іс-шара ұйымдастырылды:

  • Жібек жолы даңғылында, Панфилов пен Бәйсейітова көшелерінің арасында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің қолдан жасалған бұйымдары ұсынылады.
  • 10:00-ден 18:00-ге дейін Абай даңғылы, 159 мекенжайындағы спорт-жаттығу кешенінде шағын футбол, волейбол және дзюдодан, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үстел теннисі мен қазақ күресінен спорт фестивалі өтеді.
  • Сағат 14:00-де "Көктөбе" саябағында "Алматы әуендері" шығармашылық ұжымының қатысуымен "Жасай бер мәңгі - Қазақстан" атты мерекелік концерт өтеді.
  • Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 15:00-ден 18: 00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысатын қазақ күресінен "Өнер барысы" турнирі өтеді.
  • Сағат 16:00-де Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне және атақты клоун, сиқыршы Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдығына арналған бенефис ұйымдастырылады. Акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, эквилибристер, иллюзионистер мен сайқымазақтар шоу-бағдарлама көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -