Көп ақша тауып, салықтан үнемдеңіз: Қазақстандағы такси жүргізушілеріне арналған жаңа жоба

4851
Фотосурет: Shutterstock

Мемлекеттік кірістер комитеті Яндекс таксимен бірлесіп, Астана және Алматы қалаларында Яндекс Такси қосымшасы арқылы қызмет көрсететін такси жүргізушілері үшін платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Қазіргі уақытта қатысушылар саны 500-ден астам жүргізушіні құрады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Такси жүргізушілері үшін жобаның мынандай артықшылықтары бар:

  • таксопарктердің делдалдық қызметтерін алып тастау, бұл ақшаны үнемдеуге және оларды салықтар мен әлеуметтік төлемдерге бағыттауға мүмкіндік береді. Тиісінше, жүргізуші әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысады;
  • жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді оңайлату. Яғни Яндекс платформасы арқылы салық органдарына бармай-ақ, кәсіпкерлікті тіркеу;
  • нақты алынған табыстың 1% мөлшерінде салық төлеу. Ал қызметкердің табысынан салық 10% мөлшерінде ұсталады;
  • есептілікті ұсыну және салық пен әлеуметтік төлемдерді есептеу бойынша міндеттемелердің болмауы. Жүргізушілердің келісімімен салықты және әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аударуды Яндекс жүргізетін болады. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер такси жүргізушісінің алған табысының сомасына қарай айқындалатын болады.

Сондай-ақ, Glovo, Wolt, InDrive және т.б. сияқты компанияларды пилоттық жобаға қосу жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -