15675

Құрметті, достар, әріптестер, бауырлар!

30-қараша күні Республика сарайында танымал хит әндердің авторы ақын-сазгер Бауыржан Есебаев ұстазымның "Ауырмайды жүрек" атты шығармашылық кешінің куәсі болыңыздар!

Бұл кеш менің де шығармашылық кешім секілді!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Олжас Отар (@oljas_otar)

Мен жазған "Ауырмайды жүрек", "Ұмыттың ба?", "Ақтамақ", "Қанатыңның түсі", "Қайдасың", "Көріскенше менің, Аяулым", "Ақ бұлттар", "Қыз ұзату", "О, туған жер" т.б өлеңдеріме ән шығарған Бауыржан ағамыздың 200 жуық Хит ӘНДЕРІ бар. Ия, өзі де мықты өлең жазатын @b.esebaev Ақын-Сазгер Бауыржан Есебаев ұстазым, ағам, досым, шынында хит әндер шығаратын завод секілді.

Оған өнер сүйер қауым өздеріңіз куәсіздер!

Бірге студенттік шақтың қызығын көріп, шығармашылық байланыста болу мен үшін үлкен бақыт!

Менің де "Құдай қаласа" келесі жылы Республика сарайында "Ауырмайды жүрек" атты шығармашылық кеш берсем, "Ауырмайды жүрек" атты жыр жинағын шығарсам деген арманым бар.

Ал, Бауыржан ағамыздың хит әндерін бірге санайық достар. "Ақ бұлттан жасап алғанмын" @onerbay_nurlan Нұрлан Өнербаев ағам,

"Таңғы елес"@aigul_imanbayeva Айгүл Иманбаева, "Ақ сәулем", "Жетейін десем, жете алмай" жүрген @dossymzhan_tanatarov Досымжан Таңатаров ағамызда 25 әні бар, "Әлия" @sayatmedeuov_ Саят Медеуов , "Ұлың болсын оншақты, Қызың болсын моншақты" @serzhanali Сержан Әли

"Арман", "Ауырмайды жүрек" @kair_n Қайрат Нұртаста 28 ән, "Жарығым-ай", "Ұмыттың ба", "Ақтамақ", "Қайдасың?", "Қанатыңның түсі"@ernaraidar_kz Ернар Айдарда 33 ән бар.

МӘ, саусақ жетпейді ЕКЕН ғой т.б әндерін түгелге дерлік танымал өнер жұлдыздары орындайды.

Тек қана Мұқасан ағам мен МұзАРТ -қа ән жазып жатыр екен.

2030 жылға дейін бітірем деді!

Тағы да қандай Хит ӘНДЕРІН білесіздер?

Тағы да кімдер орындайды екен,а?

Жаза отырыңыздар!

Ең көп әнін біліп жазған бақытты жанға концертке сыйлық бар!

Осындай тарихи сәттің, керемет кештің куәсі болыңыздар!

Соңғы 100 жылдықта болмаған шығармашылық кеш, Сіздер қапы қалмаңыздар!

Бірге барайық!

Халық пен Салық аман болсын!

Келіңіздер, көріңіздер!

Тикитонда билет қалған жоқ!

Сенбесеңіздер, тексеріп көріңіз!

Мен таныс арқылы тауып беремін!

#АуырмайдыЖүрекӘнКеші

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -