ҚазҰУ басшысы жыл ректоры атанды

13519

Республикалық «Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы 2023 жылғы «Жыл адамын» анықтады. Сауалнама қорытындысы бойынша «Жыл ректоры» атағына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев лайық деп танылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дауыс беру телефон сауалы, sms, электронды пошта хабарлары арқылы өткізілді. Барлық дауысты есепке ала отырып, арнайы құрылған сарапшылар шешім шығарды.

«Аккредиттеу және рейтинг агенттігі (АРТА) жүргізетін, Академиялық рейтинг пен озаттық обсерваториясы (IREG) аудитін жүргізетін еліміздің танымал университеттерінің 2023 жылғы тәуелсіз рейтингінің нәтижелері бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы ең бірінші және үздік университет болып танылды. 2023 жылы халықаралық QS Asia University Rankings қорытындысы бойынша ҚазҰУ Қазақстанда жетекші орынға ие болып, Азия университеттері арасындағы үздік рейтингтің ТОП 4%-ына енді. Asia University Rankings халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша  ҚазҰУ Қазақстанда көшбасшылық орынға ие болып, Азиядағы үздік 30 жоғары оқу орнының қатарына қосылды» Делінген Qazaquni.kz ұлттық порталында

Еске сала кетейік, «Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы ел дамуына елеулі үлес қосып, әр салада табысқа жетіп жүрген үздіктерді анықтау жобасын жыл сайын өткізіп келеді.

Айта кетсек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев 2021 жылы да «Жыл ректоры» атанған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -