Елуге жуық ата-ана балаларының әскердегі өмірімен танысты

8789
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінде "Әскер – ата-ана көзімен" атты іс-шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған іс-шараға Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарынан елуге жуық ата-ана келіп, ұлдарының әскердегі өмірімен жақынырақ танысты. Олар күні ертең  әскери ант қабылдап, бір жыл көлемінде түзеу мекемелерін күзететін сарбаздардың  әскери бөлімдегі әл-ауқатынан хабардар болды.

Мерзімді әскери қызметшілердің ауқаттану және жатын орындары жайында кеңінен мағлұмат алған оларға әскери бөлім аумағында арнайы экскурссия өткізілді. Әскери бөлім командирі подполковник Аманжол Айтенов  бастаған бірқатар офицерлер  әскери техника, асхана, казармадағы жатын орындарымен таныстырып, әскери  киім-үлгісі көрмесін ұйымдастырды.

- Жалпы  біз мұндай шараларды жиі өткізуге тырысамыз. Себебі,  өмір бойы қасында бағып өсірген баласының ендігі бір жыл бойы жағдайы қандай болады? Қаншалықты әскерде жағдай жасалған деген көкейдегі сауалдарына әскери ант қабылдау алдында немесе ант қабылдау барысында  жауап беруге тырысамыз. Яғни, бұл тек сөзбен емес, ата-аналары өздері келіп, барлық жағдайды өз көздерімен көрулеріне барынша  жағдай жасаймыз, - дейді  6679  әскери бөлім командирі подполковник Аманжол Айтенов.

Сонымен қатар, арнайы қонақтар сарбаздарды әскерге тез бейімдеуге ықпал ететін психологтармен пікір алмасып, сырқаттанған жағдайда жанынан табылатын  медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылады. Бөлім командирі ата-аналарға ұлдарының ел тыныштығын қамтамасыз ету жолындағы маңызды жауынгерлік міндетті атқаратынын, қарауыл қызметінде сақшылық міндеті жүктелетіні жайында толық ақпарат берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -