ҚазҰУ мен ҰҚК Академиясы қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосады

16203

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚР ҰҚК Академиясы қос дипломды білім беру аясында бірлескен жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаев пен ҚР ҰҚК Академиясының бастығы Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Ахат Ғаббасұлы Мұқашев, заң ғылымдарының докторы бастаған ҚР ҰҚК Академиясының өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында физика-техникалық факультеті мен ақпараттық технологиялар факультеті іске асыратын екі білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру аясындағы оқу жұмыс жоспарларының жобалары талқыланды.

ҚР ҰҚК Академиясы «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және «Ақпаратты криптографиялық қорғау» бағытындағы екі білім беру траекториясы негізінде «Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқу жұмыс жоспарын ұсынды.

Ұсынылған жобасы физика-техникалық факультеті және ақпараттық технологиялар факультеті  іске асыратын ҚазҰУ-дың аттас екі білім беру бағдарламасы негізінде жасалды. ОЖЖ құрылымы мен мазмұнын тиісті кафедралар мен мамандар қарастыратын болады.

Жобаны дайындау сатысында бағдарламаның мақсаттары мен мазмұны, оқу үрдісін ұйымдастыру, берілетін дәрежелер, оқу мерзімдері талқыланды.

Бірлескен білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша әріптес жоғары оқу орындары арасында арнайы келісім әзірленеді.

Келісім қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін міндетті шарттарды қамтиды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -