Бейнелеу өнері мұражайында қаламыздың Суретшілер Одағының 60 жылдығына орай "Қарағандының көркемдік бастаулары" көрмесі басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мұражай қорындағы экспозицияда 60 жұмыс бар – фотосуреттер, картиналар, мүсін. Олардың барлығы қарағандылықтардың аға буынының шығармашылығына жатады.

– 2024 жыл мерейтойлық даталармен есте қалмақ – бұл қаланың 90 жылдығы және Қарағанды Суретшілер Одағының 60 жылдығы. Екі мерейтой да маңызды. "Қарағандының көркемдік бастаулары" – "Суретшілер Одағы – 60" көрме циклінің басталуы. Көрмеде қаланың бейнелеу өнерінің бастамашылары – Владимир Эйферт, Павел Фризеннің жұмыстары қойылған. Осы және басқа да көптеген суретшілер қуғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың жазуымен Қарағандыны паналаған. Мұнда олар қаланы безендірумен айналысты, басшылардың портреттерін салды, алғашқы өнер үйірмелерін ұйымдастырды. Солардан қаланың көркемдік өмірі басталды, – деп атап өтті мұражай директоры Бибігүл Құдабаева.

"Қарағанды Суретшілер Одағы – 60" циклінің көрмелері жыл бойы өтеді.

– Циклдің бірінші көрмесінде Қарағандының 50-60 жылдардағы бейнелеу өнерін көруге болады, келесі экспозиция – бұл 70-ші жылдар және т.б. Барлығы Қарағандының өткен тарихы, өндіріс, сондай-ақ қаланың дамуына үлес қосқан сол кездегі қайраткерлердің портреттері туралы 60 жұмыс ұсынылды, – дейді көрме кураторы, мұражай директорының орынбасары Мейрамгүл Елубаева. – Әрине, Қарағандыда көрмелер 1964 жылы Суретшілер одағы құрылғанға дейін де өтті. Біріншісі 1945 жылы өтті, 1956 жылы Қарағанды көркемөнер-өндірістік шеберханасы ашылды.

Көрменің фотоблогы негізінен 1953 жылдан бастап Қарағандыда тұрып, мүсінші-монументалист болып жұмыс істеген Николай Рыбецкийдің еңбектерімен ұсынылған.

Ол Кеншілердің мәдениет сарайын, теміржол вокзалының ғимаратын және басқаларын безендірген.

Кескіндеме – бұрыңғы суретшілердің суреттері, олардың көпшілігі Ұлы Отан соғысының қатысушылары – Виктор Крылов, Павел Реченский, Павел Андрюк, Петр Антоненко және басқалар.

Көрменің мақтанышы – өңіріміздің тұңғыш қазақ суретшісі Райымқұл Есіркеев. Ол Қарағанды Суретшілер одағын құрушылардың бірі.

Анатолий Билык пен Юрий Гуммельдің мүсіндік блогында. Анатолий Билыктың жұмысы Украина мен Қазақстанның қалаларын безендіреді. Қарағандыда ол Юрий Гуммельмен бірлесіп Кеңес Одағының Батырлары Нұркен Әбдіров пен Зоя Космодемьянскаяға ескерткіштер жасаған.

Көрме қаңтар айының соңына дейін жұмыс істейді.