«Отандастар қоры» КеАҚ 2024 жылдың 2 наурызынан бастап шетелдегі отандастарға арналған онлайн форматтағы қазақ тілі курсын ұйымдастырады. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қазақ тілі – орыс, ағылшын, түрік және парсы тілдерінде үйретіледі. Сабақ кестесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі отандастарымызға ыңғайлы уақытқа қойылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Курс туралы әлеуметтік желілерге жариялауға арналған хабарландыруларды төмендегі сілтемеге өту арқылы жүктеп алуға болады.
Сондай-ақ, курсқа қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіп, WhatsApp топқа қосылу қажет.
- Орыстілді аудитория
- Ағылшынтілді аудитория
- Түріктілді аудитория
- Парсытілді аудитория
Курсқа қатысты қосымша сұрақтар туындаса, +77471783938 нөмеріне хабарласуға болады.