Такси жүргізушілері үшін жаңа кезең: пилоттық жоба олардың жұмысы мен табысын қалай өзгертеді

6017
Фотосурет: DKNews

Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобасына 10 мыңнан астам такси жүргізушісі тіркелген, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті «Яндекспен» бірлесіп Астана және Алматы қалаларында платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Оған «Яндекс.такси» қосымшасы арқылы қызмет көрсететін такси жүргізушілері (курьерлер) қатыса алады.

Қазіргі уақытта жобаға 10 мыңнан астам такси жүргізушіні қатысуда.

Такси жүргізушілері үшін пилоттық жобаға қатысудың артықшылығы:

  • такси парктерінің делдалдық қызметтерін алып тастау, бұл үнемделген ақшаны салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Осылайша такси жүргізушісі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартылатын болады;
  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелу оңай, салық органдарына бармай-ақ, Яндекс платформасы арқылы тіркелуге болады;
  • алынған табыстың 1% мөлшерінде жеке табыс салығын төлеу, ал қызметкердің табысынан салық 10% мөлшерінде ұсталады;
  • салық есептілігін ұсыну және салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеудің қажеті жоқ, жүргізушінің келісімі бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аударуды Яндекс жүргізетін болады.

 Сондай-ақ, Glovo, Wolt, InDrive және басқа да осы сияқты компанияларды пилоттық жобаға қатыстыру жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -