Салық декларациясына арналған жаңа чат-бот: бірден көмек алыңыз

377
Фотосурет: Gov

Чат-ботта сіз жалпыға бірдей декларация бойынша сұрақтарға жауап ала аласыз, деп хабарлайды DKNews.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа жедел көмек көрсету мақсатында Telegram қосымшасында @Salyqbot сілтемесі арқылы жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін жаңа сервис әзірленгенін хабарлайды.

Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде:

  •  салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;
  •  көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;
  •  салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;
  •  өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;
  •  түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;
  •  тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;
  •  банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;
  •  егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.

@Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -