Қазақстан Есіл өзенінде қарсы реттегіш салуға дайындалып жатыр

395
Фотосурет: Gov

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақмола облысында Есіл су реттегішін салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысын аяқтауда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Нысан Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елдімекендерді су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ жалпы ауданы 25 мың гектарға дейін Ақмола облысының суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Су реттегіші Есіл өзенінің төменгі ағысы арқылы су тасқынының бір бөлігін қауіпсіз өткізу үшін суды ұстап тұруға немесе қайта бағыттауға, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысы үшін қажет.

«Жоба бойынша құжаттар әзірленгеннен кейін мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін тиісті мекемеге жіберіледі. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы осы жылдың бірінші жартыжылдығында дайын болады деп күтіліп отыр. Нысанның құрылыс жұмыстары 2025-2027 жылдар аралығында іске асырылады» ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -