Наурыз айындағы ҰБТ сандарда: қатысуды талдау, нәтижелер және анықталған бұзушылықтар

714
Фотосурет: freepik

Наурыз айындағы ҰБТ басталғаннан бері 82 мыңға жуық адам тест тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оның ішінде талапкерлердің 74,2% – ы қазақ тілінде, 25,7% - ы орыс тілінде, 81 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 73% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» және «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17%-дан тапсырды. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 103 адам тапсырған.

Үш аптаның қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 137. Жалпы, еліміз бойынша 59 тестке қатысушы 130 балдан жоғары жинады. Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға үш аптада 192 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 96 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 59 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 37 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -