Көлік салығы: елорда тұрғындары 1,6 миллиард теңге қарыз болды

298
Фотосурет: kolesa.kz

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елорда тұрғындарының көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі 1 млрд. 563 млн. теңгені құрағанын хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Берешегі бар көшбасшылар тізімін Алматы (660 млн. теңге), Сарыарқа (362 млн. теңге), Байқоңыр (235 млн. теңге) аудандарының тұрғындары бастап тұр.

Жеке тұлғалардың 2023 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын естеріңізге саламыз. Салық тұрғылықты жері бойынша төленеді.

Көлік құралдары салығы сомасын екінші деңгейлі банк қосымшалары, «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы және kgd.gov.kz веб-порталындағы калькуляторды пайдалана отырып дербес есептеуге және төлеуге болады.

Бұл ретте қозғалтқышының көлемі 4000 текше см-ге дейінгі бір автокөлік бойынша салық төлеуден ардагерлер, Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық Қақарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарымен марапатталған, үш дәрежелі Даңқ және «Отан» ордендерімен марапатталған тұлғалар, көп балалы аналар, мүгедектер босатылады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 1 АЕК-тен асатын салық берешегі бар көлік иелерін жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуде ыңғайсыздық тудырмас үшін салық қарыздарын толық өтеуге шақырады.

Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе Instagram @astana_mkd парақшасынан біле аласыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -