Астанада қазақстан-чех халықаралық аквамәдениет ғылыми орталығы ашылды

333
Фотосурет: ҚазАТЗУ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта» факультеті базасында Қазақстан-Чехия халықаралық аквамәдениет ғылыми орталығы ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған іс-шараға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов, Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Павол Шепеляк, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, University of South Bohemia in Ceske Budejovice университетінің профессоры Томаша Полицар (Чех Республикасы) және бизнес серіктестер қатысты.

«Біздің жоғары оқу орнымыз үшін даму басымдықтарының бірі – интернационалдандыру. Біз білім беру бағдарламаларын интернационалдандыру, академиялық ұтқырлықты және бірлескен ғылыми жобалар мен орталықтарды дамыту мәселесіне көп көңіл бөлеміз. Университеттің стратегиялық дамуының басты мақсаты – біздің түлектеріміздің отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысын арттыру. Бүгінгі күні біз білім және ғылым саласындағы Халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатыса отырып, халықаралық серіктестермен ынтымақтастық жүргізіп келеміз. Барлығы біз әлемнің 40-тан астам елімен, 200-ден астам университет және ғылыми орталықтармен жұмыс істейміз. Бүгінгі күні ҚазАТЗУ Чехияның 3 (үш) университеттерімен серіктес»  Қанат Маратұлы Тіреуов

Ресми кездесу барысында ҚазАТЗУ докторанты, ихтиолог-балық өсіруші Жақсығали Батырғалиұлы Қуанчалеев Қазақстан-Чехия халықаралық аквамәдениет ғылыми орталығына экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында жас ғалым ресми өкілдерді ғылыми зерттеу орталығының мұражайын аралатып, ондағы әр экспонатпен, кларий, жайын балығымен таныстырып, балық шаруашылығын дамытудың маңызы мен сала мәселелеріне тоқталды. 

Көрмені тамашалаған арнайы қонақтар жас ғалымның балық шаруашылығындағы 10 жылдан астам тәжірибесіне сүйене отырып, тұйық сумен жабдықтау қондырғыларын пайдалану, балық шаруашылығын қарқындату әдістері саласындағы ерекшеліктері, т.б. туралы тереңірек танысып, тәжірибені өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -