"Samruk bala cur": елордада балалар арасында шайбалы хоккейден турнир өтеді

253
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

28-31 наурыз аралығында елордада «SAMRUK BALA CUR» балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден турнир өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

2024 жылғы 28-31 наурыз аралығында елордалық «Барыс» СК Қажымұқан көшесі, 9 мекенжайындағы «SAMRUK BALA CUP» балалар-жасөспірімдер ауылдық командалары арасында республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл Қазақстан өңірлерінің ауылдық командалары арасында жоспарланған ірі хоккей жарыстарының үшінші турнирі.

Турнирге Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматыдан 24 команда қатысады. 300-ден астам бала, оның ішінде Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысады деп күтіліп отыр.

Турнир Астана қаласы әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы «Samruk Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Altyn Shaibaly» балалар хоккейін дамыту жобасы аясында өтіп жатыр. Осылайша, спорттық іс-шара Қазақстандағы балалар хоккейінің тарихындағы ең ірі турнирлердің біріне ғана емес, сонымен қатар өңірлердегі балалар үшін ең қолжетімді турнирлердің біріне айналды.

Айта кетейік, «SAMRUK BALA CUP» өткізу аясында екі турнир өтті, оған 600-ге жуық жас спортшы қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -