GovStack: Қазақстан мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау жолында

406
Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Астанада цифрлық үкіметтің трансформациясын жеделдету жолында атты GovStack Аймақтық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Халықаралық электрбайланыс одағының спикерлері, ЦДИАӨМ басшылары мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері, сондай-ақ ТМД елдері мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Форум қонақтарына қазақстандық цифрлық қызметтер көрсетілді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнекәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин Қазақстанның цифрлық экожүйесі және IT-қызметтердің экспорты жайлы айтты.

ХЭО электр байланысын дамыту Бюросының директоры Космас Лакисон Завазава өз сөзінде Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті.

«Мен Қазақстан Үкіметіне және министр Бағдат Мусинге өңірдегі цифрлық технологиялар саласындағы қолдауы мен осы саланы дамытқаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстанда eGov мобильді қосымшасында 33-тен астам цифрлық құжат және 1200-ден астам түрлі мемлекеттік қызметтер онлайн режимінде қолжетімді. Осылайша, Қазақстан GovStack бағдарламасын аймақтық ынтымақтастық, озық тәжірибемен бөлісу және елдің қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді жеткізуді жеделдету үшін әртүрлі цифрлық қоғамдық тауарларды қайта пайдалануды ынталандыру арқылы басқарады» Доктор Космас Лакисон Завазава, ХЭО электр байланысын дамыту Бюросының басшысы

Атап өткен жөн, бұған дейін Цифрлық даму министрлігінен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Еуразиялық даму банкі және Халықаралық электрбайланыс одағы ТМД елдерінде электронды үкіметті дамытудың инновациялық бастамасы GovStack жобасын қаржыландыру бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы хабарлады. 

GovStack – ТМД елдерінде қолданылатын электронды үкіметтің интеграцияланған технологиялық платформасын құруға бағытталған ауқымды жоба. Платформа өңірдің бірыңғай қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтар мен мемлекеттің өзара тиімді әрекетін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

GovStack жобасының мақсаты – ТМД елдеріндегі мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ заманауи цифрлық платформалар арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -