Заң жобалау қызметі бойынша ВАК отырысы өтті

404
Фотосурет: ҚР Әділет министрлігі

Әділет министрлігінде Азамат Есқараевтың төрағалығымен Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өткен кеңеске ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Ведомствоаралық комиссия отырысында мына мәселелер қаралды:

1.  «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру 

2.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

4.  «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

5.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

6.  «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» 

7.  «Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкіл туралы (Балалар омбудсмені)» 

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Азамат Есқараев заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін комиссия мүшелеріне алғысын білдірді.

Сонымен қатар тиімді заң шығару қызметін қамтамасыз ету үшін, алдағы уақытта осы бағытта белсенді жұмыс жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Ведомствоаралық комиссия заңнамалық актілердің жобаларын талқылау бойынша тиімді жұмыстарды атқара отырып, елдің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде қызметтерін жалғастыратын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -