БҚО аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері тұрғындарды эвакуациялауға қатысады

458
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен 99250 әскери бөлімінің жеке құрамы апаттық-құтқару жұмыстарына атсалысып жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Өткен түнде аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп Қызылтаң ауылынан он адамды көшірді. Онда еріген қар суы үйлерді басып, қозғалыс мүмкіндігін шектеп тастады. 

Ауыл тұрғындарын апат аймағынан 25 шақырым жердегі Сырым ауданының орталығына – Жымпиты ауылына жеткізді.

Олардың арасында қарттар, әйелдер және мүгедектер бар.

Іс-шараларға 32 әскери қызметші жұмылдырылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -