Армия авиациясы адамдарды апат аймақтарынан эвакуациялауды жүзеге асырады

1028
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы апаттан құтқару жұмыстарына әскери қызметшілер жұмылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақтөбе қаласында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жеке құрамы мен курсанттары су тасқыны салдарын жоюға кірісті. 

Таңертеңнен бері су басқан аймақтарда екі ұшу экипажы жұмыс істеп жүр. 

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылының маңындағы жолды су басқан. Сондықтан адамдарды әуе көлігімен ғана әкете алады. Қазіргі уақытта Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақтарымен 90-нан астам адам эвакуацияланды.  

Ақтөбеде күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынға байланысты каналдағы су деңгейі едәуір көтеріліп, қала көшелеріне жайылды.  

Облыс орталығында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери қызметшілері мен курсанттары ағын суды бөгеп, арнасын бұру жұмыстарын іске асырып жатыр.

Апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -