Ұлттық ұлан бас тәрбиешісі әулиеата жерінде

1345
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығындағы жұмыс сапарын киелі Тараз шаһарындағы 5513 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесуден бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ең алдымен құқықтық тәртіп әскерінің Бас тәрбиешісі генерал-майор Қайрат Үмбетов жеке құрамымен танысып, әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасын, қызметтік инфрақұрылымын және оқу-жаттығу нысандарын аралады.

Әулиеата жеріндегі жұмысы барысында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл №6 орта мектебінің «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен ұстаздарын марапаттап, жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, әскери қызметтің маңызы мен жауапкершілігін насихаттап жүргендері үшін алғысын білдірді. «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының мүшесі 7 «А» сынып оқушысы Мейіржан Орынби Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетовке арнап шығарған өлеңін оқып берді. Бас қолбасшының орынбасары Мейіржанға арнайы сый-сияпат көрсетті.  

Жұмыс сапарының соңында Бас тәрбиеші бөлім қолбасшылығына жауынгерлік әзірлікті одан әрі арттыру және әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар қойды.

Алдағы күндері Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетовтың жұмыс сапары Алматы, Шымкен, Қызылорда және Талдықорған қалаларында жалғасатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -