Отан алдындағы борыштарын адал өтеді

306
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонының танк әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын адал өтеген 200-ден астам сарбазды салтанатты түрде запасқа шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш шара барысында белгіленген мерзімді өткеріп, запасқа шыққан сарбаздар әскери абырой, ар-намыс пен даңқтың символы Жауынгерлік тумен қоштасты. Сонымен қатар, салтанатты сапта бөлім командирінің орынбасары жауынгерлер қуанышына ортақтасып, алғыс-тілегін білдірді.

"Сапта тұрған әрқайсыларың өздеріңнің қажырлы еңбектеріңмен аға буынның дәстүрін лайықты түрде жалғастыра отырып, Отанға деген адалдықтарыңды дәлелдедіңдер. Өмірдегі өз жолдарыңды табуларына тілектеспін. Бұған танк бригадасында жинақтаған тәжірибелерің септігін тигізеріне сенімдімін. Бір жыл уақыт бойы абыроймен атқарған қызметтеріңе үлкен алғыс білдіремін" 10810 әскери бөлімінің командирі полковник Дәулет Сүттібаев

Әскери қызмет әр сарбаздың бойына жауынгерлік рух қалыптастыратыны сөзсіз. Бүгінгі бөлім қабырғасынан үйлеріне аттанғалы отырған өрендер бір жыл бойы әскери өмірдің қыр-сырын бойларына сіңіріп, әр түрлі ауқымдағы тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты. Сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканы сауатты меңгеруді үйренді.

 "Әскери қызмет маған көп нәрсені үйретті, нағыз танкші етіп шыңдады. Бізге басшылық еткен командирлеріміз әскери өмірдің қыр-сырын үйрете білді. Далалық оқу-жаттығуға қатысу, күндізгі және түнгі уақытта қарудан ату жаттығуларын орындау мен үшін естен кетпес ерекше сәттер. Ел қорғау – нағыз ердің міндеті деп санаймын"  Ақтөбе қаласының тумасы қатардағы жауынгер Бөкейхан Мұханғали

Қызметтік міндеттерін адал орындап, жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген сарбаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -