Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері БҚО-да қорғаныс құрылыстарын салуда

1810
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға Алматы және Жетісу гарнизондарынан 300-ден астам десантшы жұмылдырылды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

61993 және 18404 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері командаларға бөлініп, елді мекендердің су басу қаупі бар аумақтарына жіберілді.

Өткен тәулікте Бәйтерек ауданы Рубежинский ауылында 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері ұзындығы 500 метр бөгет жасады. Оның биіктігі үш жарым метрді құрады. Бөгет салуға 1850 қап құм және үш орам қорғаныш үлдірі қажет болды. 

Көршілес Подстепное ауылында десантшылар жеті жүз метрлік бөгет тұрғызды, оған 110 метр целофан үлдірі мен 3000-нан астам қапшық қолданылды. Бөгеттің биіктігі екі жарым метр.

Ақжайық ауданында барлау қызметінің аға офицері майор Қуаныш Қалиевтің басшылығымен 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері Жаңабұлақ және Бударин ауылдарында жұмысын жалғастыруда. 

– Бударин ауылы біз үшін, десантшылар үшін ерекше маңызды. Бұл жер – 35-ші десанттық-шабуылдау бригадасының бірінші командирі дүниеге келген, ержеткен, кейін мобильді күштердің (одан соң Десанттық-шабуылдау әскерлері деп өзгертілді) қолбасшысы болған генерал-майор Уәли Бисақанұлы Еламановтың туған жері. Қазақстан десантының негізін қалаушыны тәрбиелеп-өсірген жерге бару және онда ауыл тұрғындарына көмектесу біз үшін үлкен мәртебе, – деді майор Қуаныш Қалиев.

Орал жағалауларын топырақ үйіп бекіту жұмыстары Магистральное, Байқоңыс және Дарьинское ауылдарында да жүргізілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -