Қазақстан мен Қырғызстан көшбасшылары Астанадағы гала-концертке қатысты

969
Фотосурет: Akorda

«Бейбітшілік және келісім сарайында» өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұдан бөлек, концертте «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегациясы мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -