Ұлттық ұлан бас тәрбиешісі сарбаздарға алғыс айтты

508
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы кезекті сапарымен 6698 әскери бөліміне келіп, жауынгерлермен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында әскери қызметшілердің көкейкесті мәселелерін тыңдап, елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Ұлттық ұлан жауынгерлерінің халық қамы үшін алдыңғы шепте нәтижелі қызмет атқарып жатқандығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар жауынгерлік қызмет атқару кезінде батылдық танытқан 4 атқыштар ротасының жас жауынгері Бекболат Асхатқа салтанатты түрде 10 күндік қысқа мерзімді демалыс жариялау бұйрығын ұсынды. Алыстан ат терлетіп келген батыл жауынгердің анасын антына адал ұлан тәрбиелегені үшін “Отан қорғаушының анасы” төс белгісімен марапаттап, әкесі Бекболатұлы Русланға өзінің атынан алғыс хатын табыстады.

Еске салсақ, қатардағы жауынгер Бекболат Асхат Русланұлы Ленгер қаласындағы 55 мекемені күзету бойынша жауынгерлік қызметін атқару кезінде өзінің жедел, қырағы қызметі арқылы мекемеден қашуға ұмтылған сотталғандардың жолын кескен болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -