Әлеуметтік қорғау саласындағы цифрлық шешімдер: Қазақстан мен Түркия тәжірибе алмасты

330
Фотосурет: ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов пен Түркияның отбасы істері және әлеуметтік қызметтер министрінің орынбасары, Елші Явуз Селим Киранмен «Қазақстан-Түркия» үкіметаралық экономикалық комиссиясы аясында кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар әлеуметтік қызметтер саласындағы соңғы жетістіктерді таныстырды, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақмәди Сарбасов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркия Республикасының Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде тараптардың өзара іс-қимылының тиімділігін атап өтті. Бұл құжат жұмыссыздық деңгейін төмендету, балалар еңбегінің алдын алу, әлеуметтік қорғау жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру және т.б. салалардағы ынтымақтастықты көздейді.

Кездесу барысында түрік әріптестеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және автоматтандыруға бағытталған Қазақстанның жаңа цифрлық шешімдері көрсетілді, оның ішінде Отбасының цифрлық картасы жұмысының принциптері туралы да айтылды.

Өз кезегінде Түркия өкілдері өз еліндегі әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылысы туралы, атап айтқанда кедейшілікпен күрес және әлеуметтік көмек қорларының қызметі бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде, сондай-ақ әлеуметтік саладағы өздерінің цифрлық шешімдері туралы хабардар етті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -