Қазақстандағы су тасқынына қарсы жұмыстар: ағымдағы жағдайға шолу

305
Фотосурет: ТЖМ

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарында Жайық өзенінің су деңгейіне  мониторинг жалғасуда, су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасуда.

Атырау қаласында  Жайық өзені бойындағы ықшам аудандарда және Еркінқала, Алмалы, Атырау, Дамбы, Қайыршақты ауылдық округтерінде және Береке ауылында  бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 229,6 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамы және ТЖМ Қарағанды қаласыи52859 әскери бөлімінен құрылған жиынтық топтардың көмекке келген күштері мен құралдары су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 5 987 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 31 416 адам өз үйлеріне оралды.
8 560 адам, оның ішінде 3 717 бала эвакуациялау пункттерінде.

11,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,6 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Жедел желі телефонына 2 216 қоңырау түсті.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 31 мыңнан астам адам,  4 мың техника, 763 су сору құралы, 298 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -