Қазақстандық десантшылар Түркиядағы жарыстарға дайындалуда

367
Фотосурет: Gov

Қазақстандық десантшылар парашют спортынан халықаралық жарыстарға дайындалуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің парашюттік командасы Түркияда өтетін «ЭФЕС-2024» халықаралық оқу-жаттығуына қатысуға дайындалуда.  

Жаттығулар Қонаев гарнизонындағы 32363 әскери бөлімінің базасында 10 сәуір мен 05 мамыр аралығында «Оңтүстік Жаңа Іле» секіру алаңында өткізіледі.    

Парашют командасының құрамында – 16 адам, оның бесеуі әскери қызметші әйелдер. 

Тәжірибелік сабақтар барысында қатысушылар Ми-17 тікұшағынан 2000 метр биіктіктен, сондай-ақ Си-295 ұшағынан «Д 1,5У» парашют жүйесімен және кейіннен «Инсайдер 300 SF» парашют жүйесімен 3000 метр биіктіктен секіреді. 

Секіру кезінде спортшылар парашют ашылғанға дейін дұрыс еркін құлауды орындауы керек, бұл бағдарламаның өте маңызды элементі. Түпкі мақсат – 3500 метр биіктіктен секіру, оның 2000 метріне дейін парашютшы еркін құлауды орындайды. Бұдан өзге жеке құрамды десанттау үшін оларға әртүрлі типтегі парашюттерді орау курсы өткізіледі. 

Ел намысын қорғаушылар қатарында ефрейтор Балжан Мұсатаева да бар. 2013 жылы ол Қазақстан армиясының қатарына шақырылған. Осы уақыт ішінде Балжан әр түрлі парашют жүйелерімен 120-дан аса парашютпен секірген.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -