Алматы облысындағы өрт ошақтарына 390 тонна су төгілді

329
Фотосурет: kstnews.kz

Алматы облысының Балқаш ауданындағы қамыс өрті сөндірілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Балқаш ауданындағы қамыс өсімдіктері мен шөп өрті сөндірілді Өрттің ауданы анықталуда. Орман шаруашылығы күштері мен жергілікті тұрғындар қарауылдау жүргізуде.

Су  ағызу құрылғысы бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 130 рет жалпы көлемі 390 тонна су төгілді. Сонымен қатар өртті сөндіру автоцистерналардың, мотопомпалардың, хлопушкалардың, күректердің көмегімен де  жүргізілді, желдің бағытын ескере отырып, қарсы қою (күйдіру) әдісі қолданылды.

Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдар бекеттерінің күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар, табиғи резерваттың бөлімшелері жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараты және су ағызу құрылғысы бар авиациялық тікұшлақ қолданылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -