Сценографиялық шешім: Теміртау театры халықаралық марапатқа ие болды

212
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртаулық Рrospect театры "Алтын провинция" халықаралық фестивалінде жеңіске жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазылар алқасы "Поминальная молитва" спектаклін "Үздік сценографиялық шешім" сыйлығымен марапаттады.

"Алтын провинция" фестивалі 17 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Ол Ресейде (Пенза облысы) екі сахна алаңдарында – Пенза мен Кузнецкте өтеді. Биыл өнер додасына Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения елдерінен театр ұжымдары қатысты. 30-ға жуық спектакльдер ұсынылды, олардың бірнешеуі онлайн режимде назарға ұсынылды. Қазылар алқасының төрағасы – Ресейдің жетекші театр сыншыларының бірі – Анастасия Ефремова болды.

– Провинциялық алаңдарда өтетініне қарамастан, бұл беделді фестиваль. Биыл көптеген танымал ұжымдар қатысты. Мысалы, Мәскеуден А. П. Чехов атындағы Театр және Жас көрермен театры келді. Біз іс-шараға Анастасия Ефремованың шақыруымен бардық. Ол біздің спектакльді желіден көріп, байқауға қатысуға шақырды. Фестивальдің салтанатты ашылуынан кейін біз өз қойылымымызды бірінші болып көрсеттік, бұл өте жауапты міндет болды, – дейді Теміртау театрының жетекшісі Владимир Дроздецкий.

Фестивальде теміртаулық театр Григорий Гориннің пьесасы бойынша қойылған "Поминальная молитва" драмасын ұсынды. Қойылымда бүкіл труппа жұмыс істейді. Бұл фестивальге спектакль таңдауда негізгі себеп болды.

Қазылар алқасы қойылымда қолданылатын көркемдік әдістерді жоғары бағалады. Олардың айтуынша, бәрі қысқа, анық, дәл және ерекше жасалған. Нәтижесінде Теміртау театры "Үздік сценографиялық шешім" номинациясын жеңіп алды.

– Бұл спектакльде өте маңызды ой бар: сіздің өміріңізде болып жатқан кез-келген жағдайда әрқашан адами қасиетіңізді жоғалтпауыңыз керек. Бұл қойылым адамзат туралы. Біз көптеген декорация қолдануды талап ететін классикалық шешімнен бас тартуға тырыстық. Айналмалы үстелді негізге алдық. Ол біресе басты кейіпкер тартатын арба, біресе әңгіме алаңы, бірде отбасылық ошақтың бейнесі болады. Содан кейін отбасын үйден қуғанда барлық жиған тергенін сол үстелге жүктеп алады. Бас кейіпкердің әйелі о дүниеге аттанарда да сол үстелдің үстіне шығады. Екінші көркемдік құрал – ақ дастархан. Ол бүкіл қойылым барысында қолданылады, – деді Владимир Дроздецкий.

Алда Теміртау театрының екі премьерасы бар. 27 және 28 сәуір – Михаил Хейфецтің "Rock-n-roll на закате" комедиясы, 25 және 26 мамыр – Майкл Фрейннің "Шум за стеной" театрлық фарсы.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -