Best Airport Service: Ақтау әуежайында пилоттық жоба іске қосылды

254
Фотосурет: Көлік министрлігі

2024 жылғы 15 сәуірден бастап Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша Ақтау халықаралық әуежайында Best Airport Service пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәселен, Best Airport Service пилоттық жобасын іске асыру аясында биыл 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында жолаушылар арасында сауалнама жүргізудің бірінші кезеңі өтеді. Жалпы, бір жыл ішінде сауалнама үш рет жүргізіледі: сәуір, тамыз және қараша айларында. Сауалнама жүргізудегі негізгі мақсат – жолаушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызмет көрсету мәдениеті туралы пікірін білу.

Жоба Ақтау қаласының әуежайында жұмыс істейтін шекаралық бақылау, кеден қызметі, полицияның желілік бөлімі, әуежай және әуе компанияның өкілдері қатысатын кешенді тәсілді көздейді.

Ақтау халықаралық әуежайынан ұшып шығатын және ұшып келетін әрбір жолаушыға сауалнамадан өту мүмкіндігі беріледі. Әуежайда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сауалнаманы өтуге мүмкіндік беретін QR коды бар арнайы плакаттар орнатылған.

Сауалнамалардың нәтижелері бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ақтау халықаралық әуежайымен бірлесіп, белгілі бір осал тұстарды анықтауға мүмкіндік беретін тиісті талдау жүргізеді.

Қазақстанның авиациялық билігі Ақтау қаласының әуежайының жолпушыларын сауалнамаға белсенді қатысуға шақырады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -