Қазақстандағы геологиялық барлау мәселелері: сенаторлар не ұсынады

430
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасында геологиялық барлау жұмыстарын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев отырысты аша келіп, Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Жолдауында геологиялық барлау жұмыстарын дамытуды еліміздегі басымдықтардың бірі ретінде белгілегенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда бұл салада бірқатар проблемалар бар. Олар – жер қойнауын зерттеудің кенжелеп қалуы және геологиялық кен орнын игеру қарқынының баяулығы, пайдалы қазба қорларының сарқылуы, ақшалай қаржысының нақтыланбауына байланысты қауіптер, инвестициялық тартымдылықтың төмендігі және басқада мәселелер. Бұл мәселелерді шешуге Үкімет ерекше назар аударуы керек деп санаймыз» Сүйіндік Алдашев

Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов геологиялық барлау саласының негізгі проблемасы қаржының жетіспеушілігі екеніне тоқталды. Оның айтуынша, геологиялық барлау жұмысының инвестициялық тартымдылығы төмен және қауіптерді анықтауға мүмкіндік бермейді. Соның салдарынан инвесторлар салаға инвестицияны құлықсыз салады. Депутаттың айтуынша, 2003-2023 жылдар аралығында еліміздегі негізгі геологиялық барлау жұмыстарына 640 млн доллар бюджет қаржысы бөлінген. Салыстырып қарағанда Қазақстан 1990 жылы 600 млн қаржы бөлген екен.

«Мұндай жағдайда геологиялық барлауға ауқымды инвестиция келетіні туралы айту қиын. Одан басқа, қазіргі кезде еліміздің аумағындағы кеніштерден жерасты игеру жүйесінің қымбаттығына байланысты пайдалы қазбасы бар тау жынысы өндірілмейді, бірақ басқа елдерден әкелінеді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін уәкілетті орган әкелінетін тау-кен өнімі көлемін шектеу, жақын аумақтағы үйінділердің экологиялық көрсеткішіне мониторинг жүргізу жөнінде шаралар қабылдауы қажет» Шәкәрім Бұқтұғұтов

Шара барысында депутаттар салалық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, минералды-шикізат базасының сарқылуы, геологиялық ақпарат берудің нашарлығы, геологиялық барлау мен ғылымды ынталандыру, кадрлар тапшылығы және т.б. өзекті мәселелерді талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -