Қазақстан мен Пәкістан Қорғаныс министрлері ынтымақтастықтың келешегін талқылады

449
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пәкістандық әріптесі Хаваджа Мұхаммед Асифпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Хаваджа Мұхаммед Асифті қорғаныс министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған жемісті қызмет тіледі.

Тараптар әскери білім мен ғылым, жауынгерлік дайындық, бітімгерлік қызмет, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылдың нығаюына ынта танытты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Р. Жақсылықов әріптесіне ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Пәкістан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирдің Қазақстанға алдағы сапарының маңыздылығын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -