Теміртауда оң жағалаудағы газ тарату желілерінің құрылысы аяқталуда

321
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртау қаласының оң жағалауындағы газ тарату желісінің құрылысы жуырда аяқталады, деп хабарлайды DKNews.kz.

1100-ге жуық үй орталық газға қосыла алатын болады.

Жоба 2023 жылдың сәуір айынан бастап жүзеге асырылуда. 

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер 79,5 км газ тарату желісін салып қойған, қалған бөлігін екі ай ішінде аяқтаймыз деп жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Оң жағалауда су құбыры желілерін қайта жаңарту аяқталды. 

Кейбір көшелердің тұрғындары газға қосылудың техникалық шарттарын рәсімдей бастады.

Мемлекеттік сараптамаға жаңа жоғары вольтты электр беру желісін салу жобасы жіберілген. Оң қорытынды алғаннан кейін оны іске асыру басталады.

Дәл осы ауданда сондай-ақ жолдар жақсарады: Батыс және Солтүстік көшелерде орташа жөндеу жоспарланған. 

Оң жағалауда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде: шағын саябақ құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар, Теміртауда иесіз жануарларға арналған баспана пайда болады, оның құрылысы қаланың шығаберісіндегі ЖМҚС ауданында салынбақ.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -