Қазақстан аса қауіпті пестицидтердің 22 түрінің импортын шектеуді ұсынып отыр

339
Фотосурет: Пресс-центр ФАО

26 сәуірде Астанада «Тұрақты органикалық ластаушылар мен пестицидтер: денсаулыққа және қоршаған ортаға қауіп және оларды басқару шаралары» атты тренинг өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тренингті Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы (ТДЖ) ұйымдастырды. Оған табиғатты қорғау ұйымдарының, ғылыми институттардың, мемлекеттік органдардың, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығының қалдықтар және химиялық қауіпсіздік департаментінің директоры Юлия Лобунцова өз баяндамасында Қазақстан ЕО елдерінде бас тартқан аса қауіпті пестицидтердің 22 түрін импорттауды және субсидиялауды жалғастырып жатқанын айтты. Ғылыми деректерге сүйенсек, бұл заттар қатерлі ісік пен генетикалық өзгерістер туғызып, адамның эндокриндік және ұрпақты жалғастыру жүйесінің жұмысын бұзады. Қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан тұрғындар арасында өлім-жітім де орын алуда.

«Біздің ойымызша, біз Қазақстан нарығын аса қауіпті заттардың импортынан қалай қорғау керектігін ойлауымыз керек. Талдау көрсеткендей, аса қауіптілер тізіміне енгізілген пестицидтер Қазақстанда қолжетімді және оларды базарлар мен интернет-дүкендерден оңай сатып алуға болады. Мысалы, жәндіктерге арналған әйгілі «Шаң» (Дуст). Немесе адамдар астық және бұршақ дақылдарын өңдеуге арналған препараттардың бөлігі болып табылатын алюминий фосфидін төсек қандаларынан құтылу үшін сатып алады. Көбінесе адамдар өздерінің қауіпсіздігін сақтау шараларын ойлап біле бермейді» Юлия Лобунцова

ТБЖ ұсыныстарына сәйкес, бүгінгі күннің бірінші кезектегі міндеті – халықты химиялық заттарды дұрыс пайдаланбаудың зияны туралы ақпараттандыруды арттыру. Пестицидтерді тіркеу, өткізу, сақтау, кәдеге жарату, нарықтағы айналымға бақылауды күшейту рәсімдерін жетілдіру үшін де заңнамалық өзгерістер қажет. Тыйым салынған химиялық заттардың тізімін және пестицидтерден болатын жазатайым оқиғалардың мәліметтер базасын жасау қажет. 

         

Өз кезегінде ФАО жобасының ұлттық менеджері Салтанат Баешова ФАО Қазақстанда ауыл шаруашылығында қауіпті тыңайтқыштарды қолдануды азайтатын зиянкестермен күресудің баламалы әдістерін іздеу жобасын жүзеге асырып жатқанын айтты.

«ФАО-ның далалық сынақтары қазақстандық фермерлер зиянкестермен күресудің қымбат емес баламалы биологиялық әдістерін қолдану арқылы пестицидтерді қолдануды 60-70%-ға дейін азайта алатынын көрсетті. Бұл топырақ құнарлылығын, таза жер асты суларын, биоәртүрлілікті және азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – бұл нәтижелерді бүкіл Қазақстан бойынша тарату, фермерлерге табыс жоғалтпай және егінге қауіп төндірмей, бүкіл әлемде бұрыннан қолданылып келе жатқан технологияларды көрсету. ФАО сонымен қатар халықты пестицидтердің зияны туралы хабардар етуді жоспарлап отыр» Салтанат Баешова

Тренинг барысында қатысушылар ТОЛ және ауыр металдар бар пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына қалай әсер ететінін біледі; олардан туындайтын тәуекелдерді қалай анықтауға және азайтуға болады; Қазақстандағы ескірген пестицидтердің жағдайы туралы және осы тақырыпқа байланысты тағы көптеген ақпараттан хабардар болды.

Химиялық заттарды қолданбай-ақ қауіпсіз, экологиялық тазы және тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз етуге сұраныстың өсуіне байланысты көптеген елдер пестицидтердің көп мөлшерін пайдаланбаудың қауіпсіз баламалы жолдарын іздейді. ЕО-ның "Farm to Fork" стратегиясы 2030 жылға қарай пестицидтерді пайдалануды 50%-ға қысқартуға және фермерлердің өнімділігі мен табысын арттыруға бағытталған. Айта кетерлігі, Қытай елінде 22 пестицидтер лицензиясының күші жойылып, тағы 10 пестицидтердің тіркеуден қайтарылды, Үндістан болса 27-не тыйым салды және тағы сондай сияқты шараларды көптеген елдер қолдану үстінде.

Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -