Жамбыл облысында ауа-райының күрт өзгеруі салдарынан, «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 573-593 шақырымы аралығында қарқынды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.
Таңертең қар аралас жаңбыр жауса, қазіргі сәтте қар жауып тұр.
Сол себепті, жол-пайдалану техникасына шұғыл тәртіпте реагенттер тиеліп, автожолға құм себіліп жатыр.