Мемлекеттік кеңесші, қоғамдық және жастар белсенділері "Таза Қазақстан" акциясын қолдады

422
Фотосурет: Akorda

Бүгін Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бір топ мүшелерімен бірге аталған акцияға қолдау білдіріп, сенбілікке қатысты.

Жалпы биыл елорда аумағында  үйеңкі, шегіршін, жөке, шаған сияқты ағаштардың 1 миллионнан астам көшетін егу жоспарланған.

Қоғам белсенділері мен жастар Президент  бастамасымен жүріп жатқан экологиялық акцияға алдағы уақытта да атсалысуға дайын екенін айтты. Сондай-ақ олар «Таза Қазақстан» акциясы  көшелер мен аулаларды абаттандырумен қатар, қоғамдағы бірлікті нығайта түсетінін және халық арасында бір-біріне тілеулестік рухын оятатынын атап өтті. 

«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық науқаны бір күндік сенбілікпен, айлық іс-шаралармен шектелмейді. Көгалдандыру және тазалық жұмыстары жыл бойы барлық қалалар мен ауылдарда ұйымдастырылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -