Алматылық соғыс ардагері 101-ші туған күнін атап өтті

502
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Түрксіб ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, Алматы қаласы әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері, «Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесі, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары» қоғамдық қорының өкілдері Николай Таратунинді туған күнімен құттықтап барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери қызметшілер соғыс ардагеріне Қорғаныс министрінің алғыс хатын табыс етіп, ғасырдан асқан қарияның жанқиярлық ерлігіне алғыс білдірді.

Николай Александрович Таратунин 1923 жылы 28 сәуірде Ярославль облысы, Починки ауылында дүниеге келген. Жеті жылдықты аяқтағаннан кейін ол екі үлкен ағасы мен әпкесінің артынан майданға аттанады.

Н. Таратунин барлауда қызмет етті. Сондықтан оған жау тылында жиірек болуға тура келді. Батыс, Сталинград және екінші Украин майдандарының құрамында соғысты. Үш рет жараланды.

1943 жылы ол өлім аузынан қалды. Қаруластары ауыр жарақат алған жиырма жасар сарбазды өлді деп санайды. Түні бойы дымқыл жертөледе жатты. Ал ертесіне оны бауырластар зиратына жерлеу үшін зембілге салған кезде көзін ашады. Содан бері ардагер жыл сайын өзінің туған күнін оптимизммен қарсы алып келеді.

Әскери қызметшілер біздің үйде жиі болып тұрады. Олар әкеміздің денсаулығын үнемі бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда әскери госпитальдан дәрігерлерді де алып келеді Деді майдангердің ұлы Александр Таратунин

Николай Таратунин І дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» және «Құрмет» ордендерінің иегері.         

Соғыстан соң майдангер Алматы шекара училищесін бітіріп, Түркия, Иран, Қытай және Жапония шекарасында қызмет етті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -