Әскери қызметшілердің үштен бірі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден тұрақты орналасу пунктеріне оралуда

544
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жағдайдың тұрақтануына және су деңгейінің төмендеуіне байланысты Қарулы күштердің жеке құрамы мен әскери техникасының бір бөлігі Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан тұрақты орналасу пункттеріне қайтып жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға 2193 әскери қызметші жұмылдырылды.

Атырау облысында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді. Әскери қызметшілер Құлсары қаласында екі шақырым жағалауды тазартты. Радиациялық химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің мамандары орталық зират аумағына, №15 орта білім беру мектебіне және су басқан аумақтарға дезинфекция жүргізді. Дәл осындай жұмыстар Ақтөбе қаласында да жүзеге асырылды.   

Әскери инженерлер де Ақтөбе облысында Ойыл өзені және Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені арқылы паром өткелінің көмегімен су қатынасын реттеді. 

Петропавлда сарбаздар облыс орталығы, Бескөл және Смирнов елді мекендерінің тұрғындарына жеткізілген гуманитарлық көмекті түсірді. 

Ақмола облысы Есіл ауданы Заречный ауылында әскери қызметшілер әкімдік ғимаратын, су сорғы станциясын, асхана мен наубайхананы электр энергиясымен қамтамасыз ету міндеттерін орындады.

Жергілікті денсаулық сақтау органдарымен бірге Қарулы күштердің санитарлық-эпидемиологиялық орталығының мамандары жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына қатысуда. Олар жеке құрамның орналасуын, тамақтануын, сумен жабдықталуын және монша-кір жуу қызметін бақылауды жүзеге асыру үстінде. 

Жалпы 27 наурыз бен 29 сәуір аралығында Қарулы күштерден су тасқынына қарсы шараларға барлығы 6 мыңнан астам әскери қызметші, 255 бірлік автокөлік техникасы, 12 тікұшақ, 5 әскери-көлік ұшағы және 3 ұшқышсыз басқарылатын құрылғы жұмылдырылды. 3 475 жергілікті тұрғын эвакуацияланды, 1 770 адам және 233 тоннадан астам жүк тасымалданды. 2,1 млн үстінде қап дайындалып, төселді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -