Ольга Булавкина мен мемлекеттік органдар Риддер тұрғындарына келтірілген зиянды өтеуді талқылады

473
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаты Ольга Булавкина мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Онда 2023 жылы Риддер су электр станциясында болған техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан халыққа келген шығынды өтеу мәселесі талқыланды.

Ольга Булавкина болған жағдайдың бәрін анықтау үшін мұқият және объективті тергеу жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сенатор кездесу барысында кінәлілерді анықтау және апаттың себептерін білу болашақта осындай оқиғалардың алдын алуға және азаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесуге энергетика, төтенше жағдайлар, су ресурстары және ирригация министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -