Әскери қызметшілер су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден оралуда

600
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жағдайдың тұрақтануына және су деңгейінің төмендеуіне байланысты Қонаев, Абай, Жетісу және Қарағанды гарнизондары әскери бөлімдерінің жеке құрамы мен әскери техникасының бір бөлігі тұрақты орналасу пункттеріне оралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің үш жүзден астам әскери қызметшісі Петропавл қаласынан Қарағанды облысына келіп жетті. Солтүстік Қазақстан облысында олар құм салынған қаптарды дайындап, қорғаныс үйінділерін тұрғызып, гуманитарлық көмектерді түсіруге қатысты.

Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінің екі жүз әскери қызметшісі тасқын сумен күресте жергілікті тұрғындарға өлшеусіз көмек көрсетті. Олар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп, судың бағытын бұрумен айналысты.

Қонаев гарнизонындағы инженерлік-саперлік бригаданың әскери қызметшілері Ақтөбе облысындағы Ойыл, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзендеріне паром өткелін салған болатын. Өткелді 2800 жергілікті тұрғын пайдаланды. 900-ден астам техника тасымалданып, 250 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.

Абай гарнизонының екі жүзден астам жауынгері де тұрақты орналасу пункттеріне оралды. Олар Батыс Қазақстан облысында бөгеттер тұрғызып, эвакуациялық және күзет іс-шараларына қатысты. Зардап шеккен халыққа көмек көрсетті.

Тапсырмаларды абыроймен орындаған әскери қызметшілерді командирлері, әріптестері және отбасы мүшелері қарсы алды. Үздік жауынгерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -