Астананың балалар шығармашылық ұжымдары қонақтарды жарқын концертпен қуантты

581
Фотосурет: Аstana akimdigi

Астанада балалар шығармашылық ұжымдарының концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан халқының бірлігі күні елордалық "Жастар" сарайында "Біздің сарайдың балалары" балалар шығармашылық ұжымдарының есептік концерті өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Биыл "Жастар" сарайы 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. Есепті концерт бағдарламасына "Ровесник" эстрадалық би халық ансамблі, "Время" би театры, "Меруерт" қазіргі заманғы би халық ансамблі, халық аспаптар үйірмесі, "Sharm models" модельдер мектебі және басқа да көптеген шығармашылық ұжымдар қатысады. 

Бірінші қабаттың фойесінде сарайдың бейнелеу өнері шеберханасы - студиясының жас суретшілерінің суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мұнда армрестлинг секциясының тәрбиеленушілері өз күштері мен дағдыларын көрсеткен спорт аймағы орналасқан.

"Жастар" сарайының атынан баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтағымыз келеді. Өнер сүйер қауымға "Біздің сарайдың балалары" атты балалар шығармашылық ұжымдарының есеп беру концертін ұсынамыз. 
Бүгінде сахнада онға жуық шығармашылық ұжым өнер көрсетеді. Көрерменді қуанту үшін біз вокалдық және би нөмірлерін, театрлық эскиздерді, сән көрсетілімін, спортшылар мен скауттардың өнерін, сондай-ақ балалар суреттерінің көркемөнер көрмесін дайындадық" "Жастар" сарайының PR менеджері Жанерке Баратқызы

Екінші қабатта жас сәнгерлер жаңа киім топтамасын ұсынды. 

"Бүгінгі мереке - біздің тату-тәтті еліміздің талантты, шығармашыл адамдарды біріктіретінінің айқын көрнісі. Ал концерт пен көрме осының дәлелі. Шынында да, бұл жерде өзінің талантын көрсететін талантты жастар жиналды. Ұйымдастырушыларға осы іс - шара үшін көп рақмет" Астаналық Роза Исманқұлова

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -